Жаңалықтар
10-11 шілде күндері Сан-Паулу қаласында (Бразилия) пара дзюдодан IBSA Judo Grand Prix São Paulo 2026 халықаралық турнирі өтті. Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасы жарыста сәтті өнер көрсетіп, үш алтын және үш күміс медальді қоса алғанда, алты медаль жеңіп алды.
2-4 шілде аралығында Чехияның Оломоуц қаласында пара жеңіл атлетикадан Гран-при кезеңі өтті.
Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының атынан үш пара спортшы өнер көрсетіп, жарыс қорытындысы бойынша үш алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды. Ұлттық құраманың өнер көрсетуіндегі басты жетістіктердің бірі екі әлем рекордының орнатылуы болды.
Ирина Тыщенко (F45 класы) турнирдің үш дүркін жеңімпазы атанды. Спортшы диск лақтырудан, найза лақтырудан және ядро итеруден алтын медаль жеңіп алды. Диск лақтыру жарысында Ирина 25,72 м нәтиже көрсетіп, жаңа әлем рекордын орнатты. Спортшы тағы бір әлем рекордын ядро итеруде орнатып, 8,83 м нәтиже көрсетті.
Айсулу Сүлейменова (T62 класы) күміс және қола медаль жеңіп алды. 100 метрге жүгіруде спортшы 15,64 секунд нәтиже көрсетіп, жарыстың күміс жүлдегері атанды. 200 метрге жүгіруде Айсулу 33,23 секунд нәтижемен мәреге жетіп, үшінші орын алды.
Асем Жанадилова (F57 класы) найза лақтырудан қола жүлдегер атанды. Спортшы 12,48 м нәтиже көрсетіп, World Para Athletics (WPA Points) бойынша 48,09 ұпай жинады.

🇳🇱 19-21 маусым аралығында Ассен қаласында (Нидерланды) пара волейболдан Dutch Tournament 2026 халықаралық турнирі өтті. Жарысқа Қазақстан, Германия, Нидерланды, АҚШ, Украина, Канада, Польша, Эстония және Италия құрамалары қатысты
Топтық кезеңде қазақстандық команда Эстония, Польша, Канада және Нидерланды құрамаларын 3:0 есебімен жеңіп, барлық матчта жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды
Финалға шығу үшін өткен кездесуде қазақстандық пара волейболшылар Германия құрамасын 3:1 есебімен жеңді
Финалда Қазақстан құрамасы АҚШ командасына 1:3 есебімен жол беріп, Dutch Tournament 2026 халықаралық турнирінің күміс медальдарын жеңіп алды

2026 жылғы 10-17 шілде аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында Волейболды отырып
ойнаудан әлем чемпионаты өтеді
🇹🇳 19 маусым күні Тунисте 47 елден келген 500-ге жуық спортшының басын қосқан пара жеңіл атлетикадан Tunis Grand Prix 2026 халықаралық турнирі аяқталды. Жарыс World Para Athletics халықаралық күнтізбесіне енеді және 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына іріктеу кезеңдерінің бірі болып табылады
🥇F35 класындағы ерлер арасында ядро итеруден Еламан Жоламан жарыстың жеңімпазы атанды. Қазақстандық спортшы 12,37 метр нәтиже көрсетіп, алтын медальді сенімді түрде жеңіп алды. Күміс жүлдені 9,14 метр нәтижемен Молдова өкілі Gheorghe Spinu иеленсе, қола медаль Үндістан спортшысы Arvind бұйырды
🥈F55 класындағы ерлер арасында найза лақтырудан Мукан Айтмырзаев күміс жүлдегер атанды. Қазақстандық спортшы 25,03 метр нәтиже көрсетіп, World Para Athletics рейтингінің 777 ұпайын жинады. Бұл сында 25,78 метр нәтижемен Литва өкілі Ramunas Verbavicius жеңіске жетті
🥉T13 класындағы ерлер арасында 400 метрге жүгіруден Каржаубай Тинеев 57,04 секунд нәтиже көрсетіп, қола медаль жеңіп алды
🥉Қазақстан қоржынына тағы бір қола жүлдені Гулдерай Кабурова салды. F42 класындағы әйелдер арасында ядро итеруден спортшы 7,12 метр нәтиже көрсетіп, World Para Athletics рейтингінің 512 ұпайын еншіледі
🇰🇿🏅 Қазақстан құрамасы турнирді бір алтын, бір күміс және екі қола медальмен аяқтады