Кездесу барысында алдағы жарыстар, команданың дайындығы және Ойындардағы міндеттер талқыланды. Кайрат Боранбаев спортшылардың құрлықтағы басты жарыстардың бірінде Қазақстан атынан өнер көрсету үшін үлкен дайындық жолынан өткенін атап өтті. Оның айтуынша, халықаралық аренадағы әрбір жарыстың артында спортшылардың, жаттықтырушылардың және команданы сүйемелдейтін мамандардың ауқымды еңбегі тұр. Ол құрамаға сенімділік, сәтті өнер көрсетіп, дайындық барысында көздеген мақсаттарын жүзеге асыруды тіледі.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен жұмыс басқармасының басшысы Марат Каскербаев және Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының директоры Болатбек Дукетаев та қатысты. Олар жарыстар басталар алдында спортшыларға қолдау білдіріп, командаға сәтті старттар тіледі.
V Азия Пара ойындарында Қазақстан атынан 12 спорт түрінен 152 спортшы өнер көрсетеді. Жарыстар 2026 жылғы 18-24 қазан аралығында Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді.
Фото: Аян Несипбеков
Кайрат Боранбаев Айти-Нагоя 2026 V Азия Пара ойындарының басталуы алдында ұлттық құрама өкілдерімен кездесті
2026 жылғы 17 қазанда Нагоя қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті Кайрат Боранбаев Айти-Нагоя 2026 V Азия Пара ойындарының басталуы алдында ұлттық құрама өкілдерімен кездесті.