Қысқы Паралимпиада ойындары

Қысқы Паралимпиада ойындары Олимпиадалық қысқы ойындардан кейін төрт жыл сайын бұрынғы Олимпиада ойындарымен бірдей қалаларда және спорттық жерлерде өткізіледі. Халықаралық паралимпиадалық комитет (IPC) қысқы Паралимпиада ойындарының дайындығы мен өткізілуін бақылайды.

Мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған қысқы спорт түрлерінің ізашары екі аяғы ампутацияланған австриялық шаңғышы Зепп Цвикнагель болды. Ол протездерді шаңғы тебу үшін қолдануға тәжірибе жасай бастады. Оның жұмысы қысқы спорт түрлерімен айналысқысы келетін мүгедектерге арналған жаңа технологиялық жетістіктерге ықпал етті.

Шаңғы спортынан мүгедектер арасындағы алғашқы ресми әлем чемпионаты (тау және жазық шаңғымен) 1974 ж өтті. Бірінші қысқы Паралимпиада ойындары 1976 жылы 21-28 ақпан аралығында Швецияның Орнсколдсвик қаласында өтті. Жарыстар шаңғы спортынан өтті. Мұз бен шанадағы жарыстар демонстрация ретінде ұсынылды. Жарысқа 16 елден 198 спортшы қатысты.

Бірте-бірте қысқы Паралимпиада ойындарының бағдарламасы кеңейіп, уақыт өте келе олар Қысқы Олимпиададан кейінгі ең ірі халықаралық жарыстарға айналды.

Спорт түрлері

Жылы

Қала

Мемлекет

Қатысқан спортшылардың саны

Қатысқан мемлекеттердік саны

1976

Эрншёльдсвик

Швеция

198

16

1980

Гейло

Норвегия

350

18

1984

Инсбрук

Австрия

350

22

1988

Инсбрук

Австрия

397

22

1992

Тинь - Альбервиль

Франция

350

22

1994

Лиллехаммер

Норвегия

512

31

1998

Нагано

Жапония

571

32

2002

Солт-Лейк-Сити

АҚШ

416

36

2006

Турин

Италия

486

39

2010

Ванкувер

Канада

515

44

2014

Сочи

Ресей

547

45

2018

Пхёнчхан

Оңтүстік Корей

570

49

2022

Бейжің

Қытай

 

 

2026

Кортина

Италия