Жаңалықтар

24–29 шілде аралығында Сербияның Нови-Сад қаласында Novi Sad 2026 World Shooting Para Sport World Cup турнирі өтті. Жарысқа 51 елден 291 спортшы қатысып, маусымдағы ең ірі халықаралық жарыстардың біріне айналды.

18-20 шілде аралығында Тайбэй қаласында Азия Паралимпиада комитеті мен Қытай Тайбэйі Паралимпиада комитетінің ұйымдастыруымен APC Women in Sports екінші семинары өтті.

Қазақстан Республикасының волейболды отырып ойнаудан Ұлттық құрамасы 10-17 шілде аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Турнирге әлемнің ең үздік 16 құрамасы қатысты.

10-11 шілде күндері Сан-Паулу қаласында (Бразилия) пара дзюдодан IBSA Judo Grand Prix São Paulo 2026 халықаралық турнирі өтті. Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасы жарыста сәтті өнер көрсетіп, үш алтын және үш күміс медальді қоса алғанда, алты медаль жеңіп алды.

2-4 шілде аралығында Чехияның Оломоуц қаласында пара жеңіл атлетикадан Гран-при кезеңі өтті.

2026 жылғы 10-17 шілде аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында Волейболды отырып ойнаудан әлем чемпионаты өтеді

🇳🇱 19-21 маусым аралығында Ассен қаласында (Нидерланды) пара волейболдан Dutch Tournament 2026 халықаралық турнирі өтті. Жарысқа Қазақстан, Германия, Нидерланды, АҚШ, Украина, Канада, Польша, Эстония және Италия құрамалары қатысты

🇹🇳 19 маусым күні Тунисте 47 елден келген 500-ге жуық спортшының басын қосқан пара жеңіл атлетикадан Tunis Grand Prix 2026 халықаралық турнирі аяқталды. Жарыс World Para Athletics халықаралық күнтізбесіне енеді және 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына іріктеу кезеңдерінің бірі болып табылады

15 маусым күні Астана қаласында «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада комитеті» ҚБ Бас Ассамблеясының отырысы өтті. Ассамблея жұмысына ҚР ҰПК құрамына кіретін спорт федерацияларының өкілдері, Атқарушы комитет мүшелері, ұлттық құрамалардың спортшылары мен жаттықтырушылары қатысты.

Елімізде алғаш рет Түркістан қаласында пара каноэден Азия чемпионаты өтті. Жарыста қазақстандық пара спортшылар 12 медаль жеңіп алды: 1 алтын, 7 күміс және 4 қола.

2026 жылғы 28-31 мамыр аралығында Бирмингем қаласында (Англия) IBSA Development Cup U-23 турнирі өтті.Бұл 23 жасқа дейінгі көру қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы футболдан тарихтағы алғашқы халықаралық турнир болды.

2026 жылғы 3-8 маусым аралығында Астанада Astana 2026 World Boccia Cup халықаралық турнирі өтуде.

Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев қысқы Паралимпиада ойындарының қорытындысы бойынша қазақстандық паралимпиадашылармен кездесті

ТАРИХИ ЖЕТІСТІК: ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫ МИЛАН-КОРТИНА 2026 ҚЫСҚЫ ПАРАЛИМПИАДАСЫНДА 18-ШІ ОРЫНҒА ТАБАН ТІРЕДІ

ТЕЗЕРО, ИТАЛИЯ - 2026 жылғы 7 наурызда XIV қысқы Паралимпиада ойындары аясында парабиатлоннан жарыстар басталды. Алғашқы жарыс күні қазақстандық спортшылар «отырып» және «тұрып» жарысу санаттары бойынша 7,5 шақырымдық ерлер спринтінде бақ сынады.

Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Италиядағы Қысқы Паралимпиада ойындарына 11 лицензия жеңіп алды

АСТАНА, 2026 жылғы 7 ақпан. Елордадағы Паралимпиадалық жаттығу орталығында Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің Президенті Қайрат Боранбаевтың Милан-2026 XIV қысқы Паралимпиада ойындарына қатысуға үміткер Ұлттық құрама мүшелерімен кездесуі өтті.

ҚР ҰПК французтілді аутизмі бар әйелдер қауымдастығының (AFFA) президенті Мари Рабательмен кездесу өткізді

Aichi–Nagoya 2026 бағытымен: Қазақстан Азия Пара Ойындарына дайындықты бастады

«Жұлдызай-2025» Ұлттық инклюзивті ойындары Астанада ерекше білім беру қажеттіліктері бар 500 баланың қатысуымен өтеді

Жумагали Нурдаулет - трёхкратный серебряный призёр Чемпионата мира по параплаванию