Азия Пара ойындарын Азия Паралимпиада комитеті реттейді. Спорттық шара Азия ойындарынан кейін төрт жыл сайын өткізіледі. Ойындарды Халықаралық Паралимпиадалық Комитет мойындайды және Паралимпиада ойындарынан кейінгі екінші үлкен мультиспорттық шара ретінде ұсынылады. Азия Пара ойындарына дейін FESPIC (Мүгедектерге арналған Қиыр Шығыс және Тынық мұхиты ойындары) деп аталатын қауым болған. Олар 1975 жылдан 2006 жылға дейін жұмыс істеді. Ал Азия Пара ойындарының тарихы 2010 жылдан басталады. Бірінші қабылдаушы ел Қытай болды. Кейін - Оңтүстік Корея. Соңғы ойындар Индонезияның Джакарта қаласында 2018 жылы өтті. Қатысушылар садақпен ату, жеңіл атлетика, бадминтон, 5х5 футбол, бочча, шахмат, велосипед, голбол, дзюдо, жүзу, боулинг, үстел теннисі, отырып ойнау волейболы, арбадағы баскетбол, арбадағы семсерлесу сияқты 20-дан астам спорт түрлерінен күш сынасады. Таэквондо мен каноэ сияқты спорт түрлері 2022 жылы Қытайда дебют жасайды. Азия пара ойындарында қатысушылар тек жазғы спорт түрлерінен бақ сынайды.