🥉 Александр Пасхалиди SH1 класында P1 дисциплинасы - 10 метр қашықтықтан пневматикалық тапаншамен нысана көздеуден қола жүлдегер атанды. Финалда қазақстандық спортшы 215,3 ұпай жинады.

🥉 R1 дисциплинасы - 10 метр қашықтықтан пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден командалық есепте Еркин Габбасов, Арсен Муратов және Ардак Оторбаева 1854,4 ұпай жинап, үшінші орын иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы әлем чемпионатын екі қола жүлдемен аяқтады.