Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада Комитеті

Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада Комитеті 2002 жылы құрылды. ҚР Ұлттық Паралимпиада Комитеті коммерциялық емес үкіметтік емес ұйым бола тұра, төмендегідей халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады:

  • Халықаралық паралимпиада комитеті
  • Азиялық паралимпиада комитеті
  • Пара волейболдан халықаралық ұйым
  • Ампутанттар мен арбадағы мүгедектердің халықаралық федерациясы
  • Соқырларға арналған халықаралық спорт федерациясы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада комитеті - қазақстандық спортшыларды халықаралық жарыстарға, соның ішінде жоғарыда аталған халықаралық спорт ұйымдарының қолдауымен өткізілетін Паралимпиада ойындарына қатысатынын мәлімдеуге құқығы бар Қазақстандағы жалғыз өкіл.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Паралимпиада Комитетінің негізгі міндеттері:

  • Паралимпиадалық қозғалыс қағидаларын насихаттау, паралимпиадалық спорттың жоғарғы жетістіктер мен бұқаралық спорт түрлерін дамытуға ықпалын тигізу;
  • Халықаралық Паралимпиада Комитетінде, Паралимпиадалық ойындарда және басқа халықаралық жарыстарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;
  • Паралимпиадалық спорттың жоғарғы жетістіктері мен бұқаралық спортты дамытудың бірыңғай саясатын жүргізу;
  • мүгедектігі бар спортшылардың Паралимпиадалық ойындарға және басқа да халықаралық спорттық жарыстарға қатысуына жәрдемдесу.