Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада Комитеті 2002 жылы құрылды. ҚР Ұлттық Паралимпиада Комитеті коммерциялық емес үкіметтік емес ұйым бола тұра, төмендегідей халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады:
Халықаралық Паралимпиада комитеті
Пара волейболдан халықаралық ұйым
Ампутанттар мен арбадағы мүгедектердің халықаралық федерациясы
Соқырларға арналған халықаралық спорт федерациясы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада комитеті - қазақстандық спортшыларды халықаралық жарыстарға, соның ішінде жоғарыда аталған халықаралық спорт ұйымдарының қолдауымен өткізілетін Паралимпиада ойындарына қатысатынын мәлімдеуге құқығы бар Қазақстандағы жалғыз өкіл.
ҚР ҰПК өкілдері жоғарыда аталған спорт ұйымдары ұйымдастыратын Бас Ассамблеяларға, конференцияларға қатысады.