Бір фототүсірілімде Қазақстан Жапонияда өтетін Ойындарда қатысуды жоспарлап отырған 12 спорт түрінің өкілдері біріктірілді. Визуалды тұжырымдаманың негізіне спорт пен ұлттық нақыштарды заманауи үлгіде үйлестіру алынды.
Үйреншікті спорттық форма мен жаттығу кезіндегі кадрлардың орнына әр кейіпкер үшін жеке образ жасалды. Ұлттық ою-өрнек элементтері бар костюмдер, әшекейлер, маталар мен түрлі фактуралар нақты спорт түрлеріне тән спорттық құрал-жабдықтармен толықтырылды. Кадрда бочча мен волейболды отырып ойнауға арналған доптар, спорттық қару, арнайы экипировка және пара спортқа тән басқа да танымал бөлшектер көрініс тапты.
Бұл ретте жобаның мақсаты спортты ұлттық тақырыпқа бейімдеу болған жоқ. Түсірілім авторлары әр спорт түрінің өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, пара спортшыларды спорттық хроникаға тән емес форматта көрсетуді көздеді. Сондықтан мұнда спорттық құрал-жабдықтар образдың толыққанды бөлігіне айналған: гүлдер спорттық қарумен, ұлттық ою-өрнек экипировкамен, ал классикалық костюмдер нақты спорт түріне тән атрибуттармен үйлеседі. Жобаның фотографы - танымал қазақстандық спорт фотожурналисі Аян Несипбеков.
Түсірілімде бөлшектерге ерекше назар аударылды. Протездер, мүгедектер арбалары және арнайы жабдықтар жасырылмайды әрі жеке визуалды акцент ретінде де көрсетілмейді. Олар киім, аксессуарлар және спорттық құрал-жабдықтармен бірге композицияға табиғи түрде енгізілген.
Фотожоба Aichi-Nagoya 2026 қарсаңында Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада комитеті жүргізіп жатқан ақпараттық науқанның бір бөлігі болды. Жалпы фотосериядан бөлек, 12 спорт түрінің әрқайсысына жеке фото және бейнематериалдар дайындалды. Олар құраманың Ойындарға дайындық кезеңінде біртіндеп жарияланады.
Aichi-Nagoya 2026 Ойындары 2026 жылғы 18-24 қазан аралығында Жапонияда өтеді. Азия Пара ойындарының басталуына 50 күн қалды.
Азия Пара ойындары - бүкіл құрамамыз үшін үлкен дода. Біз бұл жарысқа мықты құраммен барамыз, қазақстандық пара спортшылар халықаралық аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізіп үлгерді, алайда алда одан кем емес маңызды кезең - Жапониядағы өнер көрсету бар. Біз пара спортшыларымызды көпшілік танып, қолдап, олардың Ойындардағы өнерін бақылағанын қалаймыз. Олардың әрқайсысы үшін бұл - маусымның басты додаларының бірінде Қазақстанды лайықты таныстыру мүмкіндігі, - деп атап өтті Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев.
Қосымша фотосуреттер - @kazparalympics Instagram парақшасында
Фотограф: @aianskiy
Фотограф ассистенті: @berdikabuloff
Студия: @photopark.kz
Бас стилист: @zhidekkk
Стилист ассистенті: @crazilio
Кейіпкерлердің образдары: @shoqansuits @sultankhan_kazakhstan @the_sol_kz @aida_kaumenova_fashion
Пара спортшылар: Никита @nikita_ermakov_arm Севда @sevdaalieva Айсулу @ais_01kz Дастан @mukashbekov_dastan Али @ali_amir_happy Сиязбек @siyazbek_daliyev Вазир @vazir.kz Акмарал @nauatbeka Ерхат @sporterx.kz Камиля @kamila_akylbay Александра @aalexandra_stepp Елена @elena_ast_v Ринат @rinat7267 Итиана @itiana.shingiskhanova Айжан @butimbaevaaizhanym Алмат Оспанов