Бастама Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада комитетінің ұйымдастыруымен, Қазақстандағы брендтің ресми дистрибьюторы әрі Astana Motors құрамына кіретін Chery Kazakhstan компаниясының қолдауымен жүзеге асырылды.

Іс-шара аясында Нурлан Смагулов қоры жас спортшыларға мектеп формасын сатып алуға арналған сертификаттар да табыстады. Жаңа оқу жылы қарсаңында балаларға көрсетілген қолдау олардың спорттық дамуы мен күнделікті өміріне қолайлы жағдай жасауға бағытталған ортақ бастаманың маңызды бөлігі болды.
Жаңа спорттық жабдықтарды табыстау балалар пара хоккейін дамытудағы кезекті қадамдардың бірі болды. Арнайы следж-шаналар спортшылардың толыққанды жаттығу үдерісі үшін қажет және тұрақты жаттығулар өткізуге сапалы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Ұлттық құраманың болашақ резерві дәл балалар спорты кезеңінде қалыптасатындықтан, жас пара хоккейшілерді жүйелі даярлау Қазақстанда осы спорт түрін одан әрі дамыту үшін маңызды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада комитеті Қазақстандық пара хоккей Федерациясымен бірлесіп, елімізде осы бағытты жүйелі түрде дамытуда. Соңғы жылдары Қазақстанда пара хоккейден екі әлем чемпионаты ұйымдастырылды, жарыс тәжірибесі кеңейіп, осы спорт түрін одан әрі дамытуға қажетті негіз қалыптасып келеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті Кайрат Боранбаев жас спортшыларға даярлықтың бастапқы кезеңдерінен бастап қажетті жағдай жасау болашақ резервті қалыптастыруға және ұлттық құраманы нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
Іс-шара спортшыларды, жаттықтырушыларды, ата-аналарды, спорт ұйымдарының өкілдері мен серіктестерді біріктірді. Салтанатты бөлімнен кейін бағдарлама мұз айдынында жалғасып, жас пара хоккейшілер үшін спорттық эстафеталар мен командалық белсенділіктер ұйымдастырылды. Балалар командаларын қолдау, қажетті спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және тұрақты жаттығуларға жағдай жасау Қазақстандағы пара хоккейдің дамуының маңызды құрамдас бөліктері болып қала береді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада комитеті, Chery Kazakhstan және Нурлан Смагулов қоры үшін мұндай бастамаларға қатысу — балалар пара спортын дамытуға нақты үлес қосу және жас спортшылардың спорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жобаларды қолдау мүмкіндігі.