2026 жылғы 3-8 маусым аралығында Астанада Astana 2026 World Boccia Cup халықаралық турнирі өтуде. Аталған жарыс Халықаралық бочча федерациясының (BISFed) ресми рейтингтік жарыстар жүйесіне кіретін боччадан Әлем кубогының кезеңі болып табылады. Қазақстан үшін бұл World Boccia Cup сериясындағы жарысты алғаш рет қабылдау тәжірибесі.

Жарыс “Qazaqstan” жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтуде және әлемнің үздік спортшыларын біріктіруде. Турнирге 24 елдің өкілдері қатысып, медальдар мен Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына іріктеу алдындағы маңызды рейтингтік ұпайлар үшін бақ сынауда.

Жарыс аясында жеке, жұптық және командалық бағдарламалар бойынша жүлделер сарапқа салынады. Алаңда түрлі спорттық санаттағы спортшылар, оның ішінде ірі халықаралық жарыстардың қатысушылары мен жүлдегерлері өнер көрсетуде.



Әлем кубогының өз алаңындағы кезеңінде ұлттық құрама сапында 10 спортшы өнер көрсетуде:

Ерхат Алмат (BC1)

Азамат Аязбаев (BC4)

Эльмира Мусралиева (BC4)

Куаныш Аскарбеков (BC1)

Итиана Шингисханова (BC2)

Ибрахим Рахимжанов (BC2)

Темірлан Алтынсары (BC3)

Балжан Бөлекпаева (BC2)

Дилафруз Махмадулоева (BC3)

Станислав Суфьянов (BC3)

Астанада Әлем кубогы кезеңінің өтуі Қазақстанның паралимпиадалық спорты үшін маңызды оқиғаға айналды. Турнир ұлттық құрамаға өз алаңында өнер көрсетіп, әлемнің титулды спортшыларымен медальдар үшін бақ сынауға мүмкіндік береді.

Жарыс қорытындысы бойынша барлық санаттарда жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Сондай-ақ спортшылар жинаған рейтингтік ұпайлар World Boccia халықаралық рейтингінде есепке алынады.



Astana 2026 World Boccia Cup турнирдің ресми серіктестері - Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада Комитеті және Қазақстандағы брендтің ресми дистрибьюторы болып саналатын «Astana Motors» құрамына кіретін Chery Kazakhstan