Душанбеде (Тәжікістан) шосселік және паралимпиадалық велоспорттан Азия чемпионаты өтуде. Қазақстан құрамасы құрлықтық біріншілікте жеті санатта өнер көрсетеді: ерлер-элита, әйелдер-элита, ерлер-андеры, әйелдер-андеры, юниорлар, юниорлар және параспортсмендер.

Қазақстан паравелоспорт құрамасы үшін Азия чемпионаты халықаралық дәрежедегі алғашқы жарыс. Аталмыш жарыста отандық шабандоздар Кенжеғұл Сеитжан мен Мақсат Қадыров B тобындағы(көру қабілеті бұзылған спортшылар) тандемдік жарыста қола медаль жеңіп алды. Спортшылар 15 шақырымды 22 минут 8.866 секундта бағындырып, көшбасшылардан 1 минут 45.016 секундқа ұтылып қалды.

«Әрине бірінші орын алуға тырысып бақтық. Бірақ, жарыста үшінші орынға қол жеткіздік. Осындай үлкен жарысқа қатысып, өз біліктілігімді сынау менің үлкен арманым еді. Осы арманыма жету үшін алты жыл бойы дайындалдым. Жарысқа қатысуға көмек берген Велоспорт федерациясына үлкен алғасымды білдіргім келеді. Федерацияның бас хатшысы Асем Кунакбаева мен олимпиада чемпионы Александр Винокуров жарыс кезінде қолдау көрсетіп, көмек берді», — деді Азия чемпионатының жүлдегері Кенжеғұл Сеитжан..

«Біздің паравелоспортшылар халықаралық дәрежедегі жарысқа алғаш рет қатысып, жүлделі орынға ие болып отыр. Бұл керемет нәтиже. Мен Кенжеғұлдың бұл жетістікке ұзақ жылдар бойы дайындалғанын білемін. Ол негізінен футбол, голбол және пара велоспорт паралимпиадалық спорт түрлерінде жан-жақты дамып келеді. Менің білуімше паравелоспорт ол үшін ең маңызды рөл атқарады. Ол тіпті бұл спорт әлі Қазақстанда болмаған кезде де дайындалып, өз біліктілігін арттырып жүрді. Өздері марафондар мен ұзақ қашықтыққа жарыстар ұйымдастырды. Олар тіпті велосипедпен Парижгеде барып қайтты. Спортшыларға сәттілік және одан әрі жеңістер тілейміз", - деп атап өтті ҰПК Бас хатшысы Ерлан Сүлейменов.