Бүгін 2022 жылдың 8-ші наурызда 10 км шақырымға пара биатлон спорт түрінен жарыс өтті. Жарысқа Қазақстан тарапынан 3 пара спортшы қатысты: Ербол Хамитов, Сергей Усольцев пен Александр Герлиц.

Ұлттық паралимпиада қүрамасының капитаны Александр Герлиц Бейжің-2022 қысқы Паралимпиада ойындарында мәреге үшінші болып жетіп, «қола» медальға қол жеткізді.

          Пара биатлон жарысы бойынша 10 шақырымға жарыс жолына отырып қатысқан Ербол Хамитов 16-шы, ал Сергей Усольцев 14-ші болып мәреге жетті.

          «Бейжің-2022 Паралимпиада ойындарында өз өнерін лайықты көрсетіп, жетістікке жеткен Александр Герлицті жеңісімен құттықтаймын.  Александр жоғарғы спорттық шеберлік пен табандылық танытып, осы халықаралық жарыста біздің еліміздің мерейін үстем етті. Бұл тамаша жетістік жаңа жеңістердің бастамасы ғана екендігіне сенемін. Алды да әлі бірнеше жарыс күндері бар. Біздің паралимпиадашылар Александр Герлиц, Сергей Усольцев, Ербол Хамитов, Юрий Березин мен Денис Петренкоге сәттілік тілеймін», - деді Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев.

          «Бүгін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні барлық қыздарды мерекемен құттықтаймын. Бақыт,қуаныш, махаббат пен молшылық тілеймін! Дәл қазір өте қуаныштымын. Менің қола медалім - бұл барлық қазақстандық аруларға арнаған сыйлығым. Спортшыларды қолдап, елімізде паралимпиада спортының дамуына үлес қосқан Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаевқа үлкен алғысымды білдіремін» - деді Парлимпиада ойындарының «қола» жүлдегері Александр Герлиц.