Ұлттық паралимпиада құрама командасы 25 ақпанда Алматы қаласынан XIII қысқы Паралимпиада ойындарына аттанады. Құрама команданың ресми тасымалдаушысы - «Эйр Астана» әуекомпаниясы.

Бейжің-2022 қысқы Паралимпиада ойындарына қазақстандық делегация короновирус індетіне қарсы барлық санитарлық шараларды қолданып, қатаң карантин режимінде аттанады. Соңғы үш жеті бойы паралимпиадашылар Алматы обылысы Талғар ауданындағы «Алатау» шаңғы-биатлон комплексінде карантин режимін қатаң сақтап, Паралимпиада ойындарына ақтық оқу-жаттығу жиындарын өткізді.  

 

«Паралимпиада ойындары -  әлемдік спорттық қауымдастығы үшін ең маңызды спорттық шара. Соңғы жылдары, біз спортшыларымыздың тұрақты өсуіне, ойындардың «географиясының» кеңеюіне және әлемдік қоғамдастықтың назары артып келе жатқанына куә болып отырмыз. Паралимпиада спортшылары, сендер кедергілер мен қиындықтарды сенімді еңсеріп, бізге батылдықтың қандай болатындығын өз үлгілерінде мақсатқа жету арқылы дәлелдеп жүрсіңдер. Сіздерге сәттілік, өзіңізге деген сенім мен берік рух тілеймін»- деп Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті Қ.Боранбаев спортшыларға арналған үндеуде атап өтті.

            Паралимпиада спортшыларына атақты әртістер де қолдау көрсетті. Қысқы Паралимпиада ойындарының алдында әнші, композитор Ерлан Байбазаров паралимпиада спорты туралы «Жаса» атты әнін жазды. Атап өтетін болсақ бұл қазақстандық репертуардағы паралимпиада спорт түрлеріне арналған алғашқы ән. Ән Ұлттық паралимпиада комитетінің спорттық шаралар мен жарыстарын өткізу барысында қолданылатын болады.

            «Токио паралимпиада ойындарының жетістіктерін көріп, шабыттанғаным соншалық, сол паралимпиадашылар туралы ән жазғым келді. Негізгі тіректі ойлағанда, Ғалымжан Сандалидің жазған әуенінен "Жаса, параспорт! Параспорт, Алға!» деген үзіндісі есіме түсті. Әуеннің сөздерін жазған  Евгений Кечин мен Рамазан Амантай. Сөздері өте қарапайым, есте сақтау оңай. Аранжировкамен Ықылас Нұғманов айналысты. Біз паралимпиадашылар мен олардың жанкүйерлері арасындағы бірлік пен ынтымақтастық сезімін бейнелейтін ән жасай алдық деп ойлаймын. «Алекс» компаниясына, Ұлттық паралимпиада комитетіне және Паралимпиадалық жаттығу орталығына ән жазуға көмектескені үшін алғыс білдіремін», - деді Ерлан Байбазаров. 

 

 

Ерлан Байбазаров режиссер Олжас Нурбаймен бірге «Жаса» әніне бейнеклип түсірді. Бейнеклиптің тұсаукесері ағымдағы жылдың 23 ақпанына "GAKKU" телеарнасының эфирінде шығады деп жоспарланған.

            «Спортшылармен кездесіп, бірге жұмыс істегеннен кейін сезім мен эмоциялардың тұтас палитрасын сезіндім. Оның ішінде: таңдану, оптимизм, қайсарлық пен жеңіс салтанаты. Клипті түсіру барысында төрт мақсатты көздедім. Біріншіден, мүгедек балаларға және олардың ата-аналарына үміт пен мүмкіндіктін бар екенін жеткізу, екіншіден, паралимпиадашыларға құрмет көрсету. Үшіншіден, көрермендерге адам мүмкіндігінің шексіздіген көрсету. Клиптің төртінші және ең маңызды мақсаты — инклюзивті қоғамды дамыту және мүгедектігі бар адамдардың ахуалдарын жеткізу. Клипте сіз нақты паралимпиадашылардың ойдан шығарылмаған оқиғаларын көресіз. Біз мүгедектігі бар адамдарды неғұрлым жиі айтып, көрсететін болсақ, олар біздің ортада соғұрлым маңызды және елеулі болады", - деп атап өтті клиптің режиссері Олжас Нұрбай.

            Оған қоса әлеуметтік желіде (Instagram) «Паралимпиада спортшыларына жылы тілектеріңді жолда» атты шара іске қосылады. Онлайн шараға атақты музыканттар, спортшылар мен қоғам белсенділері қатысады. Аталған шараға Қазақстандағы паралимпиада қозғалысынының символы бейнеленген арнайы қолғаптар тоқылды. Жылы сыйлықтар Қазақстан паралимпиада спортшыларын қолдау мақсатында Ұлттық Паралимпиада комитетінің серіктесі McDonalds компаниясы жасады

 

            Паралимпиада спортшыларының оқу-жаттығу жиындарының суреттерін келесі жүктеу арқылы алуыңызға болады: https://drive.google.com/drive/folders/1ZLSrOrTZZJhfPUrBPYuegG8M3rZL2xDC?usp=sharing

 

Ақпарат үшін:

Бейджинг-2022 XIII қысқы Паралимпиада ойындары 2022 жылдың 4-13 наурыз аралығында өтеді. Биыл Паралимпиада ойындарында 50 мемлекеттен келген ең үздік 700 ден атам спортшы қатысады. Ұлттық Паралимпиада құрамаға 5 спортшы кірді: Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин и Денис Петренко. Қазақстан паралимпиадашылар екі спорт түрі бойынша өнер көрсетеді: пара биатлон және пара шаңғы. Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты 2022 жылдың 4 наурызында Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 22.00-де өтеді. Әлем кубогінің қола жүлдегері Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында Қазақстан туын ұстап шығады. 

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада комитеті (бұдан әрі - ҰПК) 2002 жылы құрылды. ҰПК - қазақстандық спортшыларды халықаралық жарыстарға, соның ішінде Паралимпиада ойындарына қатысатынын мәлімдеуге құқығы бар Қазақстандағы жалғыз өкіл. ҰПК негізгі міндеті - паралимпиадалық қозғалыс қағидаларын насихаттау, паралимпиадалық спорттың жоғарғы жетістіктер мен бұқаралық спорт түрлерін дамытуға ықпалын тигізу.