"Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті" ҚБ (бұдан әрі - ҰПК) Нұр-Сұлтан қаласында мүгедектігі бар балаларға арналған инватакси қызметін көрсететіндігін хабарлайды.

Нұр-Сұлтан қаласында тұратын және арбамен жүретін 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар инватаксиге тапсырыс бере алады. Тасымалдау кезінде баланың қасында ата-анасы (қамқоршылары) немесе баланы алып жүруге өкілетті адам болу керек.

Тасымалдау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығымен бекітілген «Автомобиль көлiгiмен мүгедектердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларына» сәйкес жүзеге асырылады.

Мүгедектігі бар балалар оқу орындарына, сотқа, прокуратураға, әлеуметтік сала объектілеріне, заң консультацияларына, нотариусқа, медициналық мекемелеріне (жедел/шұғыл медициналық көмек көрсету жағдайларынан басқа), жергілікті өкілді және атқарушы органдарына бару үшін инватакси қызметіне тапсырыс бере алады.

Инватаксиге тапсыру беру үшін Нұр-сұлтан қаласы, Ақшоқы көшесі 2 мекенжайы бойынша ҰПК кеңсесіне келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы);

3) 035-1/у нысаны бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;

4) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының 12-қосымшасындағы нысанға сәйкес мүгедектігі туралы анықтама (көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы);

5) оңалтудың жеке бағдарламасы (ОЖБ) туралы анықтама.

Инватакси қызметін алуға өтінім келесі байланыс телефоны арқылы қабылданады: 8 701 212 21 15, 8 7172 79 27 00

Тапсырыс беру кезінде келесі деректерді көрсету қажет: ТАӘ, сапардың күні мен уақыты, қай жерге бару керектігі туралы толық ақпарат, тапсырыс берушімен байланысу үшін телефон номері, өзге де қосымша ақпарат (жолаушылардың саны, багаждың көлемі мен жай-күйі, поездың, автобустың, ұшақтың келу/кету уақыты және т.б.).