Нұр-Сұлтан – 25 Мамыр – 2021 ж. – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық Комитеті» ҚБ (ҰПК) және «Ситибанк Қазақстан» акционерлік қоғамы (Citigroup-қа тәуелді), өзара ынтымақтастықтың жалғасуы туралы хабарлады. Citi ҰПК-ті 2020 жылы қолдай бастады, және қаржыландырудың жалпы көлемі 2022 жылға қарай $ 60,000 асады. Ынтымақтастық Қазақстанда паралимпиадалық спортты дамытуға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға деген көзқарасты өзгертуге және паралимпиадашыларды алдағы Токио мен Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарына дайындауға бағытталған.

Александр Герлиц

Ынтымақтастықтың алғашқы жылында серіктестіктің ресми өкілі екі дүркін Әлем және Еуропа чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы, пара таэквондо бойынша әлемдік рейтингтің көшбасшысы Нұрлан Домбаев болды. Биыл Нұрланмен бірге еліміздің паралимпиадалық шаңғы жарысы және биатлон құрамасының мүшесі, паралимпиадалық шаңғыдан Қазақстанның абсолютті чемпионы және Пхенчхандағы 2018 жылғы қысқы паралимпиада ойындарының қатысушысы Александр Герлиц қосылды.

«Ситибанк Қазақстан» АҚ Басқарма төрағасы Андрей Курилиннің айтуынша, «Citi елдегі паралимпиадалық спорттың дамуына өз үлесін қосып, Нұрлан мен Александрға ойындарға дайындалуға көмектескеніне қуанышты. Біз серіктестігімізді бағалаймыз және оның қоғамның мүгедектерге деген көзқарасын өзгертуге септігін тигізеріне сенімдіміз».

Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиадалық комитетінің бас хатшысы Ерлан Сүлейменов қазақстандық паралимпиадалық спортты қолдаудың маңыздылығын атап өтті: «Citi паралимпиадалық спортты жаһандық деңгейде қолдайды және біз үшін әлемге әйгілі компанияның қолдауын алу ерекше құнды . Екі жыл ішінде біз бірлесе жемісті жұмыс жасап, елдегі паралимпиадалық спортты дамытудамыз. Әрине, серіктестік Қазақстандағы инклюзивті ортаны дамытуда маңызды рөл атқарады. Пандемияға байланысты Токиодағы Паралимпиадалық ойындар кейінге қалдырылды, сондықтан төртжылдықтың екі негізгі жарысы алты айлық аралықта өтеді. Citi қолдауының арқасында біз өз спортшыларымыздың дайындық сапасын арттыра аламыз».

Citi 2018 жылы Халықаралық паралимпиадалық комитеттің жаһандық серіктесі болды. Қазақстан әлемдегі Citi серіктестерінің ішіндегі 22-ші ел. Citi ұлттық паралимпиадалық комитеттерді қолдаумен қатар, 49 пара спортшыны (Citi Team), пара-жеңіл атлетикадан және пара жүзуден әлем чемпионаттарын (2019), және басқа да пара-шараларды қолдайды.

 

Редакцияға арналған ақпарат:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті 2002 жылы құрылған коммерциялық емес үкіметтік емес ұйым болып табылады және халықаралық жарыстарға, оның ішінде халықаралық спорт ұйымдары өткізетін Паралимпиадалық ойындарға қазақстандық спортшыларды ұсынуға құқылы. ҚР ҰПК Халықаралық паралимпиадалық комитеттің, Азия паралимпиадалық комитетінің, Халықаралық пара волейбол ұйымының, Халықаралық ампутациялар мен мүгедектер арбасын пайдаланушылар федерациясының және Халықаралық зағиптар спорт федерациясының мүшесі.

Медет Байкен +77015559186, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

«Ситибанк Қазақстан» АҚ (Citigroup-қа тәуелді) - Қазақстандағы банк саласындағы көшбасшылардың бірі. Елімізде жұмыс істейтін заңды тұлғалардың төлемдерінің едәуір бөлігі біз арқылы өтеді. 1994 жылдан бастап біз үкімет пен клиенттерге ондаған миллиард АҚШ доллары мөлшеріндегі меншікті капиталға және қарыздық қорларға қол жеткіздік. www.citigroup.com