Құлышов Нұралы Шорманұлын зейнетке шығуымен құттықтаймыз

Волейболдан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, отырып ойнайтын волейболдан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, пара жүзуден және жеңіл Құлышов Нұралы Шорманұлын зейнетке шығуымен атлетикадан спорт шебері құттықтаймыз!

Еліміздегі паралимпиадалық спортты дамыту мен көпшілікке танытуда қосқан үлесіңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз. Сіздің өмірлік тәжірибеңіз, республикалық және халықаралық жарыстардағы спорттық жетістіктеріңіз, жоғары кәсібилігіңіз қазақ спортының тарихында мәңгі қалады.

1991 жылы мүгедектерге арналған бірінші спартакиададан кейін Нұралы Шорманұлы Маңғыстау облысында паралимпиадалық қозғалысты дамытуға белсенді қатысты. 2000 жылдан 2010 жылға дейін отырып ойнау волейболынан ұлттық команданың бас жаттықтырушысы болды. 2006-2010 жылдар аралығында отырып ойнау волейболынан жасөспірімдер командасына Бас жаттықтырушысы болғанда, команда 2009 жылы тарихта алғаш рет Иранда өткен әлем чемпионатында 3 орынға ие болды. 2000 жылы отырып ойнау волейболынан ұлттық құраманың құрамында Сидней Паралимпиада ойындарына қатысты.

Оның жаттықтырушы ретіндегі жұмысын, өткен және қазіргі чемпиондарды тәрбиелегені үшін ерекше атап өту керек.

«Сіздің қолдауыңызбен спортшылар белгілі бір биіктерге жетті, басқаларға үлгі болды. Барлығын бастайтын және одан барлығы тарайтын бір адам болуы қажет. Біздің жағдайымызда - ол сізсіз. Осы сіздің басты еңбегіңіз. Сіздің бар болғаныңызға өте қуаныштымыз. Сіз тәрбиелеген спортшылар Қазақстанның даңқын асырсын деп тілейміз!» - деді ҰПК Бас хатшысы Ерлан Сүлейменов.

Нұралы Шорманұлы өз кезегінде қазақстандық паралимпиада спортының дамуы туралы кітап жазғысы келетін ойларымен бөлісті.

«Әрине, мен спорттан кетпеймін, мен облыста паралимпиадалық және сурдо-олимпиадалық спорт түрлерінің жаттықтырушысы болып қаламын. Мен өз шеберлігімді, біліміді жастарға үйретемін. Алда Токио Паралимпиада ойындары күтіп тұр».