5 қарашада ҚР ҰПК Бас хатшысы Ерлан Сүлейменовтің Кашихара қаласының әкімдігінің спортты насихаттау бөлімінің бастығы Кумамото Мицунобумен және Кашихара қаласы әкімдігінің шығармашылық бөлімінің бастығы Хориучи Казушимен онлайн кездесуі өтті.

Кездесу барысында қазақстандық делегацияның басшысы Нара префектурасы және Кашихара қаласы әкімдігімен достық қарым-қатынастардың орнатылуы және 2019 жылы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғаны жөнінде атап өтті. Бұл құжат пара спортшыларымыз үшін Кашихара қаласындағы жаттығу лагерьлерінде Токио-2020 Паралимпиадалық ойындарына дайындалуға ерекше мүмкіндік туғызады.

Сонымен қатар, ҰПК басшысы Токио-2020 Олимпиадалық және Паралимпиадалық ойындарына қатысушы елдерді дамыту мен танымал етудің мәдени бағдарламасы аясында Жапониядағы Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен және 2019 жылдың қаңтарында Кашихара қаласы әкімдігінің шақыруымен ұйымдастырылған Кашихара қаласындағы ҚР отырып ойнау волейболынан ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Ерлан Сүлейменов жапондық тараппен орнатылған тығыз қарым-қатынас туралы, бірнеше рет болған кездесулер мен сапарлар туралы, соның ішінде 2016 жылғы Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиадалық комитеті делегациясының сапары барысында Қазақстанның ҰПК паралимпиадалық қозғалысты дамыту үшін баға жетпес тәжірибе жинап, Жапония Қлттық паралимпиада комитетінің қызметімен танысқаны туралы айтып берді.

Жапония делегациясының өкілдері ҚР ҰПК-мен пара спорт саласындағы өзара қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін білдірді. Сонымен қатар Жапонияда, атап айтқанда Кашихара қаласында, Covid-19 пандемиясы кезінде ел азаматтарының денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы хабарлады. Тараптар Токио-2020 Паралимпиада ойындарына дайындық мәселелерін талқылады.