«Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада Комитеті» қоғамдық бірлестігі (ҰПК) және «Олимп» клиникалық-диагностикалық лабораториясы еліміздегі паралимпиадалық спортты дамытуға бағытталатын жаңа серіктестік туралы жариялады.

«Олимп» КДЛ халықаралық, республикалық чемпионаттар мен оқу-жаттығу жиындарына баратын паралимпиадалық ұлттық құраманың спортшылары үшін 1500 дана көлемінде ПЦР әдісін қолдана отырып, COVID-19-ға жинақтау және зерттеуді жүргізу бойынша тегін медициналық қызметтер ұсынады.

ҰПК Бас хатшысы Ерлан Мұратұлы Сүлейменов қазақстандық паралимпиадалық спортты қолдаудың маңыздылығына атап өтті: «Біз жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарына қатысу үшін тестілеуді қажет ететін осындай қиын уақытта спортшыларымызға медициналық қолдау көрсеткеніне қуаныштымыз. Біздің серіктестік елдегі паралимпиадалық қозғалысты дамытуда маңызды рөл атқарады деп сенеміз».

«Олимп» КДЛ Бас директоры Ерлан Мэлсұлы Сүлейменовтың айтуынша, «Біз жаңа ынтымақтастықты бастауға қуаныштымыз, отандық паралимпиадалық спортқа қолдау көрсету және оны дамыту тек біздің ғана емес, бүкіл елдің маңызды міндеті болып табылады».

Келісімшартқа қол қойылғаннан бері, «КДЛ ОЛИМП» қолдауының арқасында ұлттық құраманың 6 командасы ПЦР тестілеуден өтті: 5 команда оқу-жаттығу жиындарына аттанды, сонымен қатар карантин басталғаннан бері алғаш рет пара садақ ату спорты бойынша ҚР чемпионаты Талғар қаласында өтті. ⠀

Қосымша ақпарат:

Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті – 2002 жылы құрылған коммерциялық емес үкіметтік емес ұйым болып табылады. ҰПК халықаралық спорт ұйымдары өткізетін, соның ішінде Паралимпиада ойындарын қоса алғанда, халықаралық жарыстарға қазақстандық спортшыларды ұсынуға құқылы. ҚР ҰПК Халықаралық паралимпиада комитетінің, Азиялық паралимпиада комитетінің, отырып ойнау волейболынан халықаралық ұйымның, ампуттар мен арбадағы мүгедектердің халықаралық федерациясының және соқырларға арналған халықаралық спорт федерациясының мүшесі болып табылады.

«ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханалардың тәуелсіз желісі зертханалық диагностика саласындағы қызметтер нарығында 2007 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істейді. Компанияның мақсаты - заманауи және жоғары дәлдіктегі жабдықты қолдана отырып, сапалы, уақтылы және қол жетімді зертханалық диагностика. «КДЛ ОЛИМП» бүгінде Қазақстан аумағындағы жеке зертханалардың ірі желісі болып табылады: 300-ден астам емдеу бөлмелері мен 18 зертханалаы бар.