Еліміздің паралимпиадашылары спортта үлкен жетістіктер көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар белсенді өмірлік ұстанымын танытады. Олардың праймеризге белсене қатысуы керемет үлгі.

Праймериз – Парламент Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттыққа ұсыным жасауға арналған партиялық тізімдерге одан әрі енгізу үшін алдын ала партияішілік іріктеу.

Қоғам қайраткері Серік Есматов Алматы қаласының инфрақұрылымын мүгедектігі бар жандар үшін ғана емес, барлық жастар үшін дамытуға ниетті. Үміткерлердің бірі Владимир Эрман бірнеше жылдан бері қалалық мәслихаттың депутаты болып жұмыс жасап келеді. Ол көлікке және әлеуметтік нысандарға ерекше назар аудара отырып, мүгедектігі бар азаматтардың мүдделерін қорғауды жалғастырады.

Шахан Жұлдасбаев – пара жүзгіш және кәсіпкер. Ол пандустар салып, ғимараттарды бейімдеумен айналысады. Сондай-ақ, электрлік тік көтергіштер өндірісін іске қосты. Қоғам қайраткері тұрғындардың қозғалысы шектеулі топқа қол жетімді орта қалыптастыру үшін мүдделерін қорғайды.

Екі дүркін Азиа Пара ойындарының чемпионы Ержан Сәлімгереев пара спортты дамытып, жаңа деңгейге шығарғысы келеді. Жүзуші Атырау облысының әлеуметтік өміріне белсенді арасалады. 2019 жылы ол спорттағы және қоғам алдындағы жетістіктері үшін «Алтын Адам» сыйлығын алды.

Біз спортшыларымызды қолдай отыра, мақсаттарына жетуіне тілектеспіз!