Нұр-Сұлтан – 18 тамыз 2020 жыл– «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада Комитеті» қоғамдық бірлестігі және «Ситибанк Қазақстан» Акционерлік қоғамы (Citigroup құрамына кіреді) елде паралимпиадалық спортты дамытуға және мүгедектігі бар адамдарға деген көзқарасты өзгертуге септігін тигізетін серіктестік туралы жариялады.

Citi мүгедектігі бар адамдар арасында дене тәрбиесін дәріптеу және елдегі инклюзивті мәдениетті қалыптастыру бойынша жобаларға, сондай-ақ ұлттық құраманың келесі жылы Токиода өтетін Паралимпиадалық ойындарға дайындығына демеушілік жасайды.

Серіктестіктің өкілі – екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы, екі дүркін Еуропа чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, пара тэквондодан әлемдік рейтингтің көшбасшысы Нұрлан Домбаев.

Citi 2018 жылы Халықаралық Паралимпиада комитетінің халықаралық серіктесі болды, ал Қазақстан – Citi Ұлттық Паралимпиада Комитетімен серіктес болып табылатын әлемдегі 22-ші ел атанды. Ұлттық паралимпиадалық комитеттерді қолдаумен қатар, сондай ақ Citi 45 пара спортшыдан тұратын Citi командасына (Team Citi), пара атлетикадан және пара жүзуден әлем чемпионаттарына және одан басқа да шараларға демеушілік жасайды.

ҚР Ұлттық Паралимпиада комитетінің Президенті Қайрат Боранбаев қазақстандық паралимпиадалық спортты қолдаудың маңыздылығын атап өтті: «Біз аты әлемге әйгілі компанияның қолдауына қуаныштымыз. Citi паралимпиадалық спорттың дамуына үлес қосуда үлкен тәжірибесі бар. Біздің серіктестік еліміздегі инклюзивті ортаны дамытуда маңызды рөл атқарады деп сенеміз».

«Ситибанк Казахстан» АҚ Басқарма Төрағасы Андрей Курилиннің айтуынша, «Қазақстанда 90-шы жылдардан бастап инвестиция жасап келе жатқан және жақында Asiamoney таңдауы бойынша ең үздік шетелдік банк деп танылған Citi үшін осы елде паралимпиадалық спортты қолдау үлкен мәртебе».