
IBSA - көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында спортты дамытатын және әлемнің 100-ден астам елдің ұлттық ұйымдарын біріктіретін халықаралық спорт федерациясы.
Қазақстан өкілінің IBSA Атқарушы кеңесінің құрамына тағайындалуы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, көру қабілеті бұзылған спортшылар спортын дамытуға бағытталған бастамаларды ілгерілетуге және еліміздің әлемдік паралимпиадалық қозғалысты дамытуға қатысуын кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашады.