«Отырып жарысу» санатында ұлттық құрама көшбасшысы Ербол Хамитов қашықтықта тартысты ойын көрсетіп, үздік ондыққа енді және 8-орынды иеленді. Осы дисциплинадағы Қазақстанның өзге өкілдері Сергей Усольцев пен Юрий Березин сәйкесінше 18-ші және 25-ші сатыдан көрінді. Жеңіс тұғырына Украина (алтын) және Қытай (күміс пен қола) атлеттері көтерілді.
«Тұрып жарысу» санатында Қазақстан намысын Александр Герлиц қорғады. Ол қашықтықты 19:17.9 уақыт көрсеткішімен бағындырып, спринтті 11-орында аяқтады.
8 наурызға арналған анонс: Ертең, 8 наурызда қазақстандық парабиатлоншылар индивидуалды жарыста сынға түседі. Жарыс кестесі:
10:30 (Астана уақытымен 14:30) — Индивидуалды жарыс (отырып жарысу): Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин.
12:30 (Астана уақытымен 16:30) — Индивидуалды жарыс (тұрып жарысу): Александр Герлиц.