Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті 2026 жылғы Aichi–Nagoya Азия Пара Ойындарына дайындық аясында 27–30 қазан аралығында Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан Делегациялар басшыларының семинарына қатысуда.
Семинарға Азия Паралимпиада комитетінің мүше елдерінің ұлттық паралимпиадалық комитеттері қатысып, алдағы ойындарды ұйымдастырудың негізгі бағыттарымен танысуда. Бағдарламада логистика, аккредитация, орналастыру, көлік, медицина, классификация және салтанатты рәсімдерді өткізу мәселелері талқылануда.
Сондай-ақ қатысушылар үшін болашақ спортшылар ауылына және Mizuho Park Stadium стадионына таныстыру туры ұйымдастырылған.
ҰПК Қазақстанның бұл семинарға қатысуы ұлттық делегацияның жоғары деңгейде дайындалуына, халықаралық серіктестік байланыстарды нығайтуға және Азиядағы паралимпиадалық қозғалыстың дамуына үлес қосуға бағытталған.