«Жұлдызай-2024» ұлттық инклюзивті ойындарының салтанатты ашылуы өтті
«Жұлдызай-2024» ұлттық инклюзивті ойындарының салтанатты ашылуы өтті
3 қазан күні сағат 12:00 Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында «Жұлдызай-2024» Ұлттық инклюзивті ойындарының салтанатты ашылуы өтті.
«Жұлдызай-2024» ұлттық инклюзивті ойындарының салтанатты ашылуы өтті!
Биыл 3-5 қазан аралығында Ойындарға Қазақстанның барлық өңірлерінен 500-ден астам бала қатысады! Біздің жас атлеттер жеті спорт түрінен: жеңіл атлетика, голбол, мини-футбол, үстел теннисі, бочча, сондай-ақ ұлттық спорт түрлері: «бес тас», «асық ату» және «тоғызқұмалақ» бойынша жарысатын болады. Қатысушылардың жалпы саны жаттықтырушылар мен сүйемелдеушілерді қоса алғанда 700-ден астам адамды құрайды.
Біздің әріптестерімізге @samrukkazyna _ official және @sportqory Қазақстандағы инклюзияны дамытуға қосқан үлесіңіз үшін алғыс айтамыз!