700-ден астам қатысушы еліміздің түкпір-түкпірінен келіп, спорттың 7 түрінен сайысқа түседі.
Ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Ұлттық Паралимпиада Комитеті және «Жұлдызай және К» Қоғамдық қоры, «Самұрық-Қазына» АҚ және Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры «Sportqory» корпоративтік қоры қолдауымен.
Ойындар 3-5 қазан аралығында Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында, «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешенінде, «Sairan Arena» спорт клубында және Паралимпиада жаттығу орталығында өтеді.