4-11 қараша 2022 жылы, Босния және Герцеговина астанасы Сараево қаласында әлемнің үздік 16 командасы қатысуымен волейболды отырып ойнаудан әлем чемпионатты өтті.Еліміздің аттынан «Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» қаржылай көмегі және «СпортҚоры» қолдауы арқасында құрама командамыз қатысты.

Командамыз В тобында Иран, Ирак және Хорватия командаларымен орналасқан. 4 қараша Хорватия құрамасын 3:0 есебімен жеңді 5 қараша Иран құрамасына 0:3 есебімен жеңілді 6 қараша Ирак командасын 3:0 есебімен жеңіп топтық кезеңнен 1/16 кезеңге екінші орыннан шықты.

7 қараша Сербия құрамасын 3:0 есебімен жеңіп 1/8 кезеңіне жарсы қожайындары БжГ құрамасына қарсы шықты. 8 қараша 0:3 БжГ құрамасына есебімен жеңіліп қалды.

9 қараша Германия құрамасына қарсы 5 -6 орынға ойнап 2:3 есебімен жеңісті жіберіп алды. 10 қараша Украина командасына қарсы шығып, 3:2 есебімен қарсыласын жеңіп 7 орынға ие болды. Финалдық ойын 11 қараша күні Иран және БжГ командалары арасында болды. Финалда Иран құрамасы 3:0 есебімен жеңіп әлем чемпионы болды.

ҚР құрама командасы осы әлем чемпионатында көрсеткен нәтижесі команданың спорттық шеберлектің өсуін анық көрсетеді, алдынғы 2014 әлем чемпионатында еліміз 13 орынға, 2018 - 10 орынға ие болса, 2022 жылы 7 орынға ие болып әлемнің үздік 8 командасы қатарына кіріп отыр.

Әлем чемпионаты нәтижесі бойынша 2023 жылы Астанада жоспарланған волейболыды отырып ойнаудан Азия чемпионатына дайындық жоспары пысықталуда. Федерация серіктесі - СпортҚоры

Федерация серіктесі - СпортҚоры