22-31 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында волейболды отырып ойнау спорт түрінен оқу-жаттығу жиыны өтеді. Жиынға Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарынан және Алмат қ. келген 11 спортшы қатысуда.

22-31 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында волейболды отырып ойнау спорт түрінен оқу-жаттығу жиыны өтеді. Жиынға Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарынан және Алмат қ. келген 11 спортшы қатысуда.

Оқу-жиындарының басты мақсаты – қараша айына жоспарланған Әлем чемпионатына дайындалу, спортшылардың біліктілігін арттыру.

«Оқу-жаттығу жыйындары жоспар бойынша өтуде. Спортшылар күніне екі рет жаттығады. Біз жаттығу барысында спортшылардың дайындығына көңіл бөліп, ұтымды стратегиялар мен дайындық әдістерін қарастырамыз. Спортшылардың біліктілігін арттырып, алдыда келе жатқан жарыстарда лайықты өнер көрсету біздің басты мақсатымыз», – деп бөлісті Ерлан Дусмаилов «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК волейболды отырып ойнау спорт түрінен команда басшысы

Айта кетсек, Қазақстан Республикасының волейболды отырып ойнау құрама командасы Ресей, Иран, Германия, Польша, Қытай, Корея, және Жапония мемлекеттерінде өткен халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Халықаралық рейтинг бойынша волейболды отырып ойнау еліміздің спортшылары 78 ерлер командасының арасында үздік ондықтың қатарына кіреді.

Пара волейболшылардың жарысқа қатысуына қолдау көрсеткен Sport Qory мен “Самрук Қазына” АҚ.