Паратаеквондодан Азияның ашық чемпионаты мәресіне жетті. Сары құрлық біріншілігі Вьетнамның Хошимин қаласында 20-23 тамыз аралығында өтті.

«Чемпионат қорытындысы бойынша отандық паратаеквондошылар екі алтын, төрт күміс және бір қола медаль еншіледі. Он бес ел қатысқан аламанда паратаеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасы командалық есепте 3-орын алды. Ал ұлттық құраманың бас бапкері Нұржан Есілбаев жарыстың үздік жаттықтырушысы болып танылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі: І орын - Мәлік Мұқашев, +80 кг (К-41) І орын - Кәмиля Досмалова, -57 кг (К-44) ІІ орын - Нысанбек Айдарбеков, -58 кг (К-44) ІІ орын - Бауыржан Көшербаев, -63 кг (К-44) ІІ орын - Нұрлан Домбаев, 80 кг (К-44) ІІ орын - Нышан Өмірәлі, +80кг (К-44) ІІІ орын - Әлішер Ғариполлаев, +80 (К-44).