2022 жылдың 24-28 наурыз аралығында Паттайя (Тайланд) қаласында пара каноэ спорт түрінен Азия чемпионаты өтті. Жарысқа 12 мемлекеттен келген 47 спортшы қатысты. Қазақстан тарапынан 4 спортшы бәйгеге түсіп, 3 «алтын» 2» қола» алқаны қанжығаға байлады.

1) Богатырёв Максим, санаты KL 1, 200 m - 1 орын;

2) Спатай Бибарыс, санаты KL 2, 200 m - 1 орын;

3) Богатырёв Максим, санаты VL 1, 200 m - 1 орын;

4) Балтабаева Жаныл, санаты KL 3, 200 m - 3 орын;

5) Спатай Бибарыс, санаты VL 3, 200 m - 3 орын.

«Қазақстандық пара каноэ ұлттық құрамасы үшін Азия Чемпионаты жоспардағыдай өте жоғары деңгейде өтті. Жарыста Спатай Бибарыс пен Богатырев Максим өздері үшін жаңа VL (аутригер) санаттында өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Бұған дейін еліміздің спортшылары тек KL (байдарка) санатында қатысатын. Жарыстың қорытындысы бойынша спортшыларымыз Ханчжоу-2022 Пара Азия ойындарына жолдама алды.

Алдағы жоспар Канада елінде өтетін Әлем чемпионатына (тамыз) және Ханчжоу қаласында өтетін Пара Азия ойындарына (қазан) дайындық жұмыстарын өткізіп,  бұданда жоғары нәтеже көрсету» - деді ҰПК құрама басшысы Ерсұлтан Жолшиев.