Шарджада (БАӘ) пара жеңіл атлетикадан халықаралық ашық турнир аяқталды. Жарысқа 22 елден үздік атлеттер қатысты. Қазақстанның атынан ядро лақтыру, ұзындыққа секіру, найза және диск лақтыру, жүгіру қашықтықтары тәртіптері бойынша 12 спортшы қатысып, 15 медальға қол жеткізді.

Ұлттық құраманың қоржынында  2 алтын, 4 күміс, 9 қола медаль бар.

 

1 орын:

Мукашбеков Дастан, F36, диск лақтыру

Лукутин Алексей,Т40, 100м жүгіру

 

2 орын:

Абилькасымкызы Салтанат, Т35, 400м жүгіру

Хабибуллин Руфат, T65, 100м жүгіру

Салимов Ислам, Т13, қашықтыққа секіру  

Мансурбаев Равиль, F46, ядро лақтыру

 

3 орын:

Харламов Сергей, класс Т36, 100м жүгіру

Абилькасымкызы Салтанат, Т35, 100м жүгіру

Хабибуллин Руфат, Т64, 200м жүгіру

Макшат Мейиржан, Т46, 1500м жүгіру

Жоламан Еламан, F35, найза лақтыру  

Харламов Сергей, Т36, қашықтыққа секіру  

Мукашбеков Дастан, F36, ядро лақтыру

Лукутин Алексей, F40, ядро лақтыру  

Яковлева Анастасия, Т36, 400 м жүгіру  

 

«Ұлттық құрама командамыз жарысқа жақсы дайындалып келді. Бізде 15 медаль бар, ал Салтанат Әбілхасымқызы 400 м қашықтықта Азия рекордын орнатты. Осы жарыстан кейін Гран При Әлемдік серия жарыстары өтеді. Жарыстар 21-24 наурыз аралығында Дубай қаласында өтеді.Бұл үлкен жарыста спортшыларымыз жақсы өнер көрсетіп, ел намысын  лайықты қорғайды деп сенемін», - деді пара жеңіл атлетикадан ұлттық құраманың басшысы Түсіпов Жандарбек.