2022 жылдың 11-13 наурыз аралығында Линьяно-Саббьядоро қаласында (Италия) пара жүзуден Әлем кубогы өтті.

Жарысқа 38 мемлекеттен 300-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан тарапынан 9 спортшы қатысып, ел намысын қорғады.

Жарыстың нәтижесі бойынша пара жүзушілер еліміздің қоржынына 18 медаль салды: 4 – «алтын», 5 – «күміс» және 3 «қола».

«Қазақстандық пара жүзушілер үшін бұл 2022 жылдың алғашқы жарыстары. Қазір біздің спортшылар Әлем чемпионатына (маусым, Португалия) және Азия ойындарына (қазан, Қытай) қатысу үшін нормативтерді орындап жүр. Алдағы ірі жарыстарға қатысу үшін спортшылар белсенді түрде рейтінгті жарыстарға қатысып, біліктілікті арттыруға күш салуда» - деді Татьяна Богословская пара жүзу командасының басшысы.


Әлем кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

 

Аты жөні

Қышықтық

Орын

1

Сиязбек Далиев

50 м шалқалап

2

50 м еркін стиль

3

50 м баттерфляй

2

2

Афанасьев Андрей

100 м еркін стиль

2

100 м брасс

1

50 м еркін стиль

2

100 м баттерфляй

1

3

Жулдасбаев  Шахан

50 м шалқалап  

3

200 м еркін стиль

3

4

Кенжебек Диас

4*100 м эстафета

3

100 м шалқалап (жасөспірімдер арасында)

2

5

Звягинцева Наталья

4-100 м эстафета

3

50 м еркін стиль

3

100 м шалқалап

1

6

Дубинина Алина

4-100м эстафета

3

7

Ильюкевич Кирилл

100 м шалұалап

1

400 м еркін стиль

2

8

Кинах Сергей

4*100 м эстафета

3