Бүгін Бейжің-2022 Паралимпиада ойындарында 12,5 шақырымға созылған пара биатлон спорт түрінен жарыс өтті. Жарысқа Қазақстан тарапынан 2 спортшы қатысты: Сергей Усольцев пен Александр Герлиц.

Сергей Усольцев өз санатында 47 минут 51 секунд нәтижесімен 19 спортшының арасында 15-ші болып мәреге жетті.

            Александр Герлиц жарыс нәтижесі бойынша 43 минут 17 секундта мәреге жетіп, үздік 5 пара биатлоншылардың қатарына енді. 

            Жарыс орнынан тікелей трансляцияны "Qazsport" телеарнасынан көруге болатынын естеріңізге саламыз. Паралимпиадашылардың суреттерін келесі сілтеме бойынша жүктеуге болады:https://drive.google.com/drive/u/0/folders/1ZLSrOrTZZJhfPUrBPYuegG8M3rZL2xDC