10 қаңтар - Жалпыұлттық аза тұту күні. Еліміздің бірнеше аймағында болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандар саны көп болуына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялауға шешім қабылдады.

Еліміздің басына туған осындай қиын кездерінде жақындарын жоғалтқан отандастарымызға қайғырып көңіл білдіреміз. Бұл барлығымызға ортақ қайғы.