ҚР Парламентінің Мәжілісі төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұлттық Паралимпиада қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, ҰПК бас хатшысы Ерлан Сүлейменовке «Заң шығару қызметіне елеулі үлес қосқаны үшін және нәтижелі әрі белсенді еңбегі үшін» алғыс хатын табыстады.

Айта кетсек, ҚР Параламент Мәжілісі Ұлттық Паралимпиада комитетінің бастамасын қолдап, 2017 жылы Ұлттық паралимпиада қозғалысын заңды түрде мойындап, паралимпиадашылардың жүлде төлемдерін олимпиада спортшыларымен теңестірді. Ал 2019 жылы, Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырма алды. Соның арқасында, ұлттық құрама командасының саны артып, шет елдік жарыстарға шығып, паралимпиадашылар өз біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік алды.