2021 жылдың 11-12 желтоқсан аралығында Стамбул қаласында (Түркия) пара таеквондо бойынша IX Әлем Чемпионаты өтті. Оған әлемнің 40 мемлекетінен келген 262 спортшысы қатысты. Чемпионатқа еліміздің атынан 9 пара таеквондошы қатысты.

Жарыс нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиадалық құрама командасы 3 медаль ұтып алды:

1 орын -  Мәлік Мұқашев (к41 80 кг)

3 орын -  Кәмиля Досмалова (к44 57кг)

3 орын – Нұрлан Домбаев (к44 -80 кг)

«Бүгін пара таеквондодан әлем чемпионы атанып отырмын, бұл жеңіске мен 7 жыл дайындалдым. Бірінші рет к41 санатында қатыстып тұрмын. Алғашында қиын болды, бірақ күшімді жинап жеңіске ұмтылдым. Ақтық жарыста менің қарсыласым ресейлік Базин Виталий болды. Айтып өту керек, мықты спортшы екен. Жарыс барысында бірде ол бірде мен алға шығып тұрдық, тек соңында ғана мен екі ұпаймен алға шығып жеңіп кеттім. Жеңісіммен өте қуанып тұрмын. Маған сенім артып, чемпионатқа қатысуыма мүмкіндік жасаған Ұлттық Паралимпиада Комитетіне және менің жаттықтырушыма үлкен алғыс білдіремін», - деді қазақстандық пара таеквондошы Малик Мукашев.