2021 жылдың 15-23 қыркүйек аралығында Стамбул қаласында (Түркия) пара таеквондо бойынша IX Еуропа Чемпионаты өтті.

Оған әлемнің 12 мемлекетінен 121 спортшысы қатысты. Бұл Париж-2024 Паралимпиада ойындарына рейтингтік ұпай беретін алғашқы ірі жарыс болды.

Чемпионатта Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиадалық құрама командасы 4 медаль ұтып алды:

1 орын -  Мәлік Мұқашев (к41 -80 кг)

1 орын -  Кәмиля Досмалова (к44 +75 кг)

3 орын – Нышан Өмірәлі (к44 -80 кг)

3 орын – Нұрлан Домбаев (к44 -80 кг)

Оған қоса, жалпыкомандалық есепте Қазақстан Ресей мен Түркиядан кейін үшінші орын алды.