100 метрге брасс әдісімен жүзуден ерлер арасында өткен жарыста қазақстандық Нұрдәулет Жұмағали 1.05.20 нәтижесімен, үшінші болып аяқтады.

Бұл бәсекеде германялық Талисо Энгель 1.02.97 нәтижесімен жеңімпаз атанса, америкалық Дэвид Абрахамс 1.04.38 нәтижесімен күміске иелік етті.

Айта кетелік, қазақстандық паралимпиадашылар Токиода бесінші жүлдесін жеңіп алды. Бұған дейін пауэрлифтингтер Давид Дегтярев алтын алса, Әнуар Сариев, Дәулет Теміржан және Зарина Байбатина дзюдодан күміс медаль иеленді.