Токиода өтіп жатқан паралимпиада ойындарында қазақстандық пара дзюдошы Теміржан Дәулет 73 келіде күміс медаль иеленді.

Ол финалда өзбекстандық Феруз Саидовтан жеңілді.

Қазақстандық дзюдошы ширек финалда Николай Корнхасты (Германия), жартылай финалда Георгий Калданиді (Грузия) жеңіп, финалға шыққан.

Қазақстан қазірге дейін Токио паралимпиадасында үш жүлде алды. Бұған дейін Давид Дегтярев (пауэрлифтинг) паралимпиада чемпионы атанса, пара дзюдошы Әнуар Сариев күміс жүлде иеленген.