Қазақстандық парадзюдошы Ануар Сариев Қазақстан қоржынына Токиодағы Паралимпиада ойындарының екінші жүлдесін салды.

60 келіге дейінгі салмақ дәржесінде белдескен ол финалда әзірбайжандық Вугар Ширинлиге есе жіберді. Екеуара белдесу өте тартысты өтіп, вазари ұпайларын еншіледі. Негізі уақыт аяқталуға 40 секунд қалғанда әзірбайжандық балуан әдіс жасап, екінші вазари ұпайын еншіледі.

Нәтижесінде, парадзюдошы Ануар Сариев Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.