Пара дзюдошылар 1 күміс 2 қола медальді қанжығаға байлады.

Ұлыбританияда пара дзюдодан IBSA Гран-при жарысы өтті. Бұл пара дзюдодан Токио 2020 жазғы паралимпиадалық ойындарының алдындағы соңғы лицензиялық турнир еді. Аталмыш жарысқа 20 елден 130 спортшы қатысты. Қазақстан тарапынан 12 спортшы ел намысын қорғап, қанжығаға 3 медаль байлады.

Аманжол Жанбота 90 кг дейінгі салмақта күресіп күміс алқаны иемденді. Смағұлов Ғалымжан 81 кг дейінгі салмақта күресіп қола алды. Онымен қоса, қыздар арасында 51 кг дейінгі салмақта күресіп жүрген Федосова Даяна жарыста өз шеберлігін дәлелдеп, қола жүлдеге ие болды.

Жақын уақытта дзюдоның төрешілері осыған дейін өткен жарыстардың нәтижесін қосып, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарын» таңдап, Токио 2020 паралимпиадалық ойындарына жолдама иегерлерін аңықтайды. Қазақстандық дзюдошыларға сәттілік тілейік.