Паралимпиадашыларымыз Тунисте 9 медаль жеңіп алды!

Тунисте пара жеңіл атлетикадан Әлемдік Гран При 2021 аяқталды! Жарысқа 59 елден 479 атлет қатысты.  Қазақстанның атынан ядро лақтыру, ұзындыққа секіру, найза және диск лақтыру, жүгіру қашықтықтары тәртіптері бойынша 12 спортшы қатысып, 9 медаль жеңіп алды. Ұлттық құраманың қоржынында 4 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль бар.

Алтын:

  • Мансурбаев Равиль – ядро лақтыру
  • Мұқашбеков Дастан – диск лақтыру
  • Жоламан Еламан – найза лақтыру
  • Әбілқасымқызы Салтанат –100 метр қашықтыққа жүгіру

Күміс:

  • Мұқашбеков Дастан – диск лақтыру
  • Залезняк Иван – диск лақтыру
  • Мансурбаев Равиль – диск лақтыру

Қола:

  • Жоламан Еламан – диск лақтыру
  • Лукутин Алексей – ядро лақтыру

«Халықаралық турнирдің алдында Алматы қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткіздік. Ұлттық құрама командамыз жарысқа жақсы дайындалып келді. Біз 59 елдің ішінде командалық есепте 12-орынға ие болдық. Равиль Мансурбаев, Жоламан Еламан, Дастан Мұқашбеков атты спортшыларымыз әр түрлі тәртіптер бойынша жүлделі орынға ие болды. Келесі жоспарланған жарысымыз сәуір айында Италияда өтетін пара жеңіл атлетикадан Әлемдік Гран При Эзоло 2021. Соған дайындаламыз», - деді пара жеңіл атлетикадан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Тахир Мамашаев.

ПТР тестілеу «Олимп» клинико-диагностикалық лабораторияның демеушілігімен жүзеге асырылды. ҰПК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» АҚ. Спортшылар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен шараға қатысты.