Халықаралық Паралимпиадалық Комитет антидопинг бойынша Токио 2020 веб-парақшасын іске қосты

Халықаралық Паралимпиадалық Комитет (IPC) биылғы Паралимпиада ойындары қарсаңында Ұлттық Паралимпиадалық комитеттерге, Ұлттық допингке қарсы ұйымдар мен Халықаралық федерацияларға арналған қысқаша негізгі ақпараты бар антидопинг бойынша Токио 2020 веб-парақшасын іске қосты.

Жаңа веб-парақшада Халықаралық Паралимпиада комитетінің допингке қарсы кодексі, Токио 2020 допингті бақылау жөніндегі нұсқаулық және Ойынға қатысушыларға арналған допингке қарсы бағдарлама және оның қалай басқарылатыны туралы басқа да маңызды ақпараттар бар.

Веб-парақшаға сілтеме: https://www.paralympic.org/anti-doping-tokyo2020

⠀ Фото: Alex Livesey/Getty Images