Паралимпиадашыларымыз Дубайдан жүлделі оралды!

Қазақстандық паралимпиадашылар осы жылдың алғашқы халықаралық медальдарын Дубайдағы Дүниежүзілік Гран-при 2021 сайысында жеңіп алды! Ұлттық құраманың қоржынында 1 алтын, 4 күміс, 6 қола медаль бар:

  • Салтанат Әбілқасымқызы – 100 метр қашықтыққа жүгіруден алтын, 200 метр қашықтыққа жүгіруден күміс
  • Алексей Лукутин – ядро лақтырудан күміс
  • Сергей Харламов – ұзындыққа секіруден күміс
  • Ислам Салимов – ұзындыққа секіруден күміс
  • Равиль Мансурбаев – ядро лақтырудан қола
  • Руфат Хабибуллин – 200 метр қашықтыққа жүгіруден қола
  • Анастасия Яковлева – 100 метр қашықтыққа жүгіруден қола, 200 метр қашықтыққа жүгіруден қола
  • Еламан Жоламан – диск лақтырудан қола
  • Мақшат Мейіржан – 400 метр қашықтыққа жүгіруден қола жеңіп алды.

Пара жеңіл атлетика бойынша бас жаттықтырушы Тахир Мамашаев: «Ұлттық құраманың қоржынында 1 алтын, 4 күміс, 6 қола медаль бар. Карантинге байланысты жарыстар болмағандықтан, уайымдадық, дегенмен нәтиже бізді қуантты. Спортшылар бір жыл бойы үйде және онлайн жаттығып, жақсы нәтижеге қол жеткізді!» - деді.

Дубайдағы Дүниежүзілік Гран-при 2021 – пандемия басталғаннан бері пара жеңіл атлетикадан бірінші әлемдік жарыс. Оған 52 елден 471 спортшы қатысты. Қазақстанның атынан ядро лақтыру, ұзындыққа секіру, найза және диск лақтыру, жүгіру қашықтықтары тәртіптері бойынша 22 спортшы қатысты. Жарыс 9-14 ақпан аралығында өтті.