Бізге 60-қа жуық жұмыс түсті. Еліміздегі инклюзивті қоғамды дамытуға және паралимпиадалық қозғалысқа қолдау көрсеткендері үшін үлес қосқан барлық қатысушыларға ерекше алғысымызды білдіреміз!

Жеңімпазды таңдау оңай болған жоқ! Әр жұмыс ерекше назар аударуға тұрарлық. Байқаудың жеңімпаздары кәсіби қазылар алқасының дауыс беруі арқылы таңдалынды, олардың құрамы ҚР ҰПК басшылығы, серіктестері, демеушілері арасынан құрылды.

Қатысушылардың жұмысы тақырыпты ашу, өзіндік ерекшелігі, актерлік шеберлігі, монтаж критерийлері бойынша бағаланды.

Жеңімпаздар:

1 орын - «Вперед к мечте» Жумабай Жарасбек

2 орын - «Быть человеком — выбор каждого» Орынов Кайрат

3 орын: «Дух в движении» Өмірәлі Абуали

Үздік сценарий - «Ринат Аппасов» Ахметкалиев Батырхан

Үздік монтаж - «Жаннат Бабагулова» Карманов Султан

 

Жеңімпаздар ақшалай сыйлықпен марапатталады:

1 орын - 300 мың теңге

2 орын - 200 мың теңге

3 орын - 100 мың теңге

Үздік сценарий үшін сыйлық - 50 мың теңге

Креативті монтаж үшін сыйлық - 50 мың теңге

 

Жеңімпаздардың жұмыстары біздің парақшамызда жарияланады! Сіздерді Халықаралық мүгедектігі бар адамдардың күнімен құттықтаймыз!