28 қазан – 3 қараша аралығында Талғар қаласында Пара садақ ату спортынан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.

Жарысқа Халықаралық сайыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, ұлттық құраманың спортшылары қатысты.

Әбдіғани Айқынбаев, пара садақ атудан ұлттық құрама комнадасының бас жаттықтырушысы: «Жарысымыз жоғары деңгейде өтті. Онлайн режимінде тренировка жасағанына қарамастан, спортшыларымыз жоғары дәреже көрсетіп, көңілден шы,атын нәтижелер көрсетті. Бұл бізге үлкен жетістіктерге жетуімізге серпін береді деген сенімдемін», - деді.

Чемпионаттың нәтижесі бойынша, Әлем және Азия чемпионаттарына, Әлем Кубогы кезеңдеріне, Азия және Паралимпиадалық ойындарға қатысуға ҚР құрама командаларына үміткерлер іріктелді.

Блоктық садақ бойынша командалық есепте «Алматы - 1» командасы бірінші орында, «Алматы - 2» командасы екінші орында, Алматы облысы үшінші орында.

Чемпонаттың нәтижелері

Классикалық садақ (ерлер):

  1. Айбек Ескараев
  2. Александр Рябов
  3. Дмитрий Кудин

Блоктық садақ (ерлер):

  1. Александр Медведев
  2. Абдыгани Айкынбаев
  3. Сарсенбек Толебек

Классикалық садақ (әйелдер):

  1. Максатгуль Копиратова

Блоктық садақ (әйелдер):

  1. Сауле Айгозова
  2. Алла Грязнова
  3. Мансия Усибалиева

Ерлер  W-1:

  1. Кайратбек Толымбеков
  2. Сагдат Дуйсембаев
  3. Даурен Альканов

 

Классикалық садақ (Олимпиадалық айналым) (ерлер):

  1. Кайрат Саркулов
  2. Александр Рябов
  3. Айбек Ескараев

Блоктық садақ (Олимпиадалық айналым) (ерлер):

  1. Абдыгани Айкынбаев
  2. Александр Медведев
  3. Гузей Вячеслав

Ерлер  W-1 (Олимпиадалық айналым):

  1. Сагдат Дуйсембаев.
  2. Кайратбек Толымбеков
  3. Даурен Альканов

 

Блоктық садақ (Олимпиадалық айналым) (әйелдер):

  1. Сауле Айгозова
  2. Алла Грязнова
  3. Мансия Усибалиева

Жарыс толық санитарлық талаптарға сай өткізілді.  ПТР тестілеу «Олимп» клиникалық диагностикалық зертханасының демеушілігі арқасында жүзеге асырылды. Спорттық шара Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.