Қазақстандық спортшы Давид Дегтярев пара пауэрлифтингтен онлайн Әлем Кубогында ерлер арасында үшінші рет қатарынан жеңіске жетті.

Дегтярев бесінші кезеңнен кейін жалпы есепте бірінші орынды иеленді. Осы жеңіспен ол финалға үздік спортшылармен бірге шығуды қамтамасыз етті. Соңғы кезеңге 8 спортшы өтті.

World Para Powerlifting ұйымдастырған Кубогтың онлайн сериясы сәуір айында басталды. COVID-19 пандемиясы кезінде спортшылар өздерінің елінен видео жаттығуларды онлайн платформаға жүктеп, бәсекеге түсті.

Штанганы көтеру әрекеттерін халықаралық дәрежедегі техникалық төрешілер қашықтықтан бағалап, арнайы формула арқылы әртүрлі салмақ дәрежесіндегі спортшылар арасында әділ бағалауды қамтамасыз етеді.

Пара пауэрлифтингтен онлайн Әлем Кубогының финалы 17 қараша World Para Powerlifting әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде өтеді. ⠀

Сурет: ҰПК мұрағаты
Источник: www.paralympic.org