Спортшы пара пауэрлифтингтен онлайн Әлем Кубогында бірінші орынға шықты.

Қазақстандық спортшы Давид Дегтярев ерлер арасындағы екі жарыста да бірінші орынға ие болды. Дегтярев екінші кезеңнің жеңімпазы иорданиялық Абделькарим Хаттабтың күшті бәсекесіне тап болды. Дегенмен 197.94 ұпаймен жеңіске жетті.

Фото: Facebook/World Para Powerlifting

Онлайн чемпионаттардың төртінші сериясы Токио 2020 Паралимпиадалық ойындарының басталуына бір жыл қалғандығына арналды. Жарысқа рекордтық 21 ел қатысты.

Алдыңғы жарыстардағыдай, оған қатысу үшін спортшылар өздерінің жаттығуларының төрт видеосын алдын ала жіберді. Бұл жолы төрешілер спортшылардың видеоларын World Para Powerlifting Facebook парақшасында тікелей эфир кезінде бағалады. Эфир 18 000 қаралымға ие болды.

Әлем кубогының бесінші және соңғы онлайн сериялары өтетін күндер жақын арада белгілі болады.

Дереккөз: https://www.paralympic.org/news/vera-muratova-and-david-degtyarev-dominate-online-world-cup-series