Олимпиадалық алау Токиодағы Жапония Олимпиада мұражайында қойылды. Ресми салтанатты Олимпиада және Паралимпиада ойындарының Ұйымдастыру комитеті (Токио 2020) өткізді. Көрермендер алауды 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін көре алады.

Фото: Tokyo 2020/Shugo TAKEMI

«Келесі жылы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына қатысуға ниет білдірген спортшылар COVID-19 уақытында жаттығып жатқанын түсінемін. Жапонияда Олимпиада алауын мұражайда орнату олар үшін үміттің нышаны болатынына сенімдімін», - деді Жапония Олимпиада комитетінің президенті Ямашита Ясухиро.