Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиадалық комитеті «паракарате» спорты бойынша паралимпиадалық емес жазғы спорт түрінен спорт федерациясы ретінде «Паракарате федерациясын» АҚҰ және «пара ату (нысана көздеу)» спорты бойынша паралимпиадалық жазғы спорт түрінен спорт федерациясы ретінде «Қазақстандық спорттық ату федерациясын» ҚБ мойындады.

Спорттық федерация танылғаннан кейін Ұлттық паралимпиада комитетінде осы спорт түріне өкілдік етеді. Сонымен қатар сертификат спорт федерацияларына мемлекеттік аккредитациядан өтуге өтініш беріп, өз спорт түрлерін республикалық федерация ретінде дамытуға мүмкіндік береді.